USD
USD
USD

Айдар Тұрғамбек ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамауға шақырды

«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек бүгінде шығармашылығын қолға алып, топтан бөлек жеке өнер көрсетіп жүр. Бірнеше әнбаяндарды ұсынып, халықтың алғысын алып, батасына бөленуде. Оқырмандарымен әлеуметтік желіде тың дүниелермен бөлісіп отыратын әнші, қазіргі таңда бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігін айтты.

Айдар Тұрғамбек ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамауға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» деп тегін айтылмаған. Айдар Тұрғамбек әрбір ата-ана баланы жастан дұрыс жолға тәрбиелеп, көп көңіл бөлу керек дейді. Өнер өкілінің айтуынша, өскелең ұрпақ  телефонға үңіліп, әлеуметтік желіде уақытын текке өткізгенше, тарихты оқып, игі іске көңіл бөлсе ұлттық құндылықтарды жоғалтпайды.

«Отбасында мейрімділікті бойына сіңіріп өскен перзент жанұясына ғана емес, қоғамға септігін тигізіп, болашақтың алтын тұтқасы болары сөзсіз. Мынау телефон, интернет,  әлеуметтік желі  деген кесел бар. Баланы солардан алыс ұстау керек. Енді кішкентай кезінде мультфильм көреді. Одан тыймаймыз. Интернетке шектеуде қоя алмаймыз.  Баланы жастан дейді. Сондықтан  интернетпен дос болмағаны абзал. Өйткені баланың санасын ұлап, кері әсерін тигізуі мүмкін. Батыстың жат менталитеті қайдан келіп жатыр? Әрине осы әлеуметтік желіден. Өскелең ұрпақ бос уақыттын неге арнайды? Қалай өткізеді? Осының барлығына бей-жәй қарамай, ұрпақ тәрбиесі – ұлт  болашағы деп қарауымыз керек. Сондықтан бос уақытын пайдалы іске жұмсауына атсалысайық», – деп ой тастады әнші.

Ендеше ұлттың болмысын, елдің ертеңін ойлайтын жастар көп болсын деп тілейік!

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy