USD
USD
USD

Аида Балаева шетелдегі қандастарды қолдау шаралары туралы айтты

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева шетелдегі қандастарды қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аида Балаева шетелдегі қандастарды қолдау шаралары туралы айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Қандастарды, шетелдегі отандастарымызды қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Атажұртқа оралған қандастарымыз көп. Бұл мақсатта жүйелі жұмыстар легі жүргізіліп жатыр. 2018 жылы «Отандастар» қоры құрылды. Қор қазіргі таңда белсенді түрде жұмысын жалғастыруда», - деді Аида Балаева Парламент Сенатының отырысында.

Министр кейінгі бір жарым жылдың ішінде қандастарымыздың қолдау мақсатында 3 мыңға тарта шара өткізілгенін жеткізді.

«Балалар лагері ұйымдастырылып, қазақ тілін үйрену курстары басталды. Әдістемелік құралдар әзірленді. Әлемдегі 12 мемлекеттің 23 қаласында қазақ тілін үйретуге арналған 31 онлайн-сынып ашылды. Олар қазір белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Шетелдегі 250 қазақ орталығымен ынтымақтастық орнатылды. Бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасын табады», - деді Аида Балаева.

Бұдан бөлек министр шетелдегі қандастарды қолдауға бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған бағдарлама әзірленгенін жеткізді. Өз кезегінде Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қандастардың мәселесін ерекше назар аудару керектігін айтып өтті.

«Азаматтық алу үшін құжаттардың тізімін азайту және осы рәсімді жеңілдету мәселесі бар. Бүгінгі күні қандастарымыз бұл жұмыстармен басы қатып жарты, тіпті бір жылға дейін жүреді. Ана жақтан, мына жақтан қағаздарды жинау керек деп, әуре-сарсаңға түседі. Қандастарымыз осы рәсімді жеңілдету мәселесін жиі көтереді. Бұл жерде де Үкімет тарапынан бір жұмыстардың басталғанын білеміз. Нақты нәтиже болар деп үміттенеміз», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова