USD
USD
USD

Аида Балаева Өзбекстанның кинематография агенттігі басшысымен кездесті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Өзбекстан Республикасы кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликовпен кездесу өткізді.

Аида Балаева Өзбекстанның кинематография агенттігі басшысымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Министрлік мәліметіне сәйкес, Аида Балаева телевизиялық сериалдар, деректі фильмдер өндірісін қамтамасыз ету және продакшн-индустрияны дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Өз тарапынан Фирдавс Абдухаликов министрді Өзбекстандағы кинематография саласының жай-күйі, перспективаларымен таныстырды.

«Тараптар екі елдің телеарналарында көрсету үшін кино өнімдерімен алмасу, бірлескен телевизиялық жобалар құру мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің кинематография және теледидар өнімдері саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ниет білдірді», - делінген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе