USD
USD
USD

Аида Балаева Моңғолия және Ресейдің Алтай өлкесінің бас мүфтилерімен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Моңғол Республикасының бас мүфтиі Батырбек Хадыс және Ресей Федерациясы Алтай аймағының бас мүфтиі Жанболат Охтаубаевпен кездесуі өтті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Аида Балаева Моңғолия және Ресейдің Алтай өлкесінің бас мүфтилерімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Моңғолия мен Ресейден дін қызметкерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстан және ислам құндылықтары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін келді.

Кездесу барысында Министр конференцияға қатысушы елдердегі діни ахуал бір-біріне жақын және ұқсас екенін, мемлекеттер діни бірлестіктердің қызметіне айтарлықтай көңіл бөлетіндігін атап өтті. Өз кезегінде мүфтилер дінбасылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция диалог пен одан әрі ынтымақтастықты дамытудағы ашықтық деңгейін көрсететінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран