USD
USD
USD

Аида Балаева: Министрлік салалық журналистиканы дамытуға күш салады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Astana Media Week-2021 форумында

Аида Балаева: Министрлік салалық журналистиканы дамытуға күш салады
Фото: NEGE.kz

осылай деді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Ең бірінші – журналистердің кәсіби деңгейін көтеру. Менің ойымша, бұл өте маңызды, сол себепті министрлікте журналистерді оқыту, қайта даярлау, біліктілігін арттырудың нақты жоспары бар. Сонымен бірге қазір салалық журналистиканы дамытуда ауқымды жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл да өте маңызды. Себебі кей тақырып толық көрсетілмейді, өйткені журналистер белгілі бір саланың ерекшелігін білмейді», – дейді министр.

Министрдің айтуынша, пандемия мұны айқын көрсетіп отыр. Сондай-ақ проблемаларды дер кезінде анықтау маңызды екенін атап өтті.

«Әрине баспасөз қызметтеріміздің жұмысы да өте маңызды. Барлық мемлекеттік органдардың, соның ішінде өңірлік баспасөз хатшыларымен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олардың азаматтық қоғамның барлық институтымен өзара әрекеттесуі өте маңызды. Жалпы барлық бағыт бойынша кез келген жұмыстың тиімділігі үшін билік пен қоғамның сындарлы диалогы өзекті, – деді Аида Балаева.

Қазір оқып жатыр

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.