USD
USD
USD

Аида Балаева: Кибербуллинг заң жүзінде тоқтатылуы қажет

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева XVII Еуразиялық медиа форумда кибербуллингге қарсы күрес туралы пікір білдірді.

Аида Балаева: Кибербуллинг заң жүзінде тоқтатылуы қажет
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Интернеттің белсенді дамуымен бірге әлем кибербуллинг проблемасына да тап болды. Кез келген қудалау сияқты, кибербуллинг те – заң жүзінде тоқтатылуы қажет агрессияның бір түрі. Әрине, министрлік бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізіп жатыр. Біз әлеуметтік желілердің ішкі ережелерін құрметтейміз. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін заңға қайшы контент ашық қолжетімдікте болмауы тиіс деп санаймыз. БҰҰ қарарымен қабылданған адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының кіріспесі дәл осы құндылықтардан басталады», - деді министр форумның «Пандемия әлемді қалай өзгертті және жаһандық өмір сүрудің жаңа бағыттарын қалай анықтады?» сессиясында.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда XVII Еуразиялық медиа форумның жұмысы ресми түрде ашылды. Форум 17 қыркүйекке дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков