USD
USD
USD

Аида Балаева «Қалаулым» бағдарламасы туралы: Халықтың талғамын көтеруіміз керек

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдындағы есептік кездесуінде «Қалаулым» бағдарламасы неге жабылмағаны туралы сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аида Балаева «Қалаулым» бағдарламасы туралы: Халықтың талғамын көтеруіміз керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл енді айта айта жауыр болған мәселе ғой. Десе де, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кез келген бағдарламаны ұнамаса жауып тастайтын құзыреті жоқ. Заң бар. Сіз айтып отырған бағдарламалардың барлығы жекеменшік БАҚ-тарда жүргізіліп жатыр. Бірақ қоғамнан наразылық болғаннан кейін біз олармен сөйлесіп, нақты ұсыныстарымызды бердік», - деген ведомство басшысы мұндай бағдарламаларға қоғамның бір бөлігі наразылық білдіргенімен, тағы бір бөлігі қызығып көретінін ескертті. «Бүгінде «Астарлы ақиқат», «Қалаулым» деген бағдарламалар рейтингтің ең басында тұр екен. Ол дегеніміз – сұраныс бар. Халық көргеннен кейін БАҚ иесі ол бағдарламаны ешқашан жаппайды. Сондықтан біздің негізгі мақсат – министрлік пен БАҚ жұмылуымыз керек. Халықтың мәдениеті мен талғамын көтеру керек. Сол мәселелер жолға қойылса, халық ақ пен қараны айыра білсе, сондай бағдарламалардың рейтингі төмендейді», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу