USD
USD
USD

Аида Балаева ЮНИСЕФ-тің аймақтық директорымен балалар мен жастар мәселелерін талқылады

2025 жылғы 17 мамырда ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Реджина Де Доминичис кездесіп, балалар мен жастардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Аида Балаева
Фото: Madeniet_aqparat_ministrligi

АЛМАТЫ, NEGE. Кездесу барысында екіжақты серіктестіктің 20 жылдан астам тарихы, оның ішінде жастар ресурстық орталықтарының дамуына және балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясатты қолдауға ЮНИСЕФ тарапынан қосылған үлес жоғары бағаланды.

Министр Аида Балаева елімізде отбасын қолдау орталықтарын дамытуға көрсетілген әдістемелік және сараптамалық қолдау үшін ЮНИСЕФ-ке алғыс білдірді.
Орталықтардың санын 200-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Кездесу барысында:

  • ерте жастағы балалардың дамуы,

  • ата-аналық жауапкершілікті күшейту,

  • «Ата-аналар айлығы» аясындағы іс-шаралар,

  • тиісті мемлекеттік органдарды біріктіретін жұмыс тобының құрылуы сынды мәселелер де қозғалды.

Кездесу соңында тараптар:

  • балаларды әлеуметтік желілердегі зиянды контенттен қорғау;

  • ерте жүктіліктің алдын алу;

  • волонтерлік қозғалысты дамыту;

  • және басқа да әлеуметтік маңызы бар бағыттарда ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Сондай-ақ, министр балалар құқығын қорғауға арналған ЮНИСЕФ апталығын өткізу туралы ұсыныс білдірді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков