USD
USD
USD

Аида Балаева үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Аида Балаева
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін атап өтуде. Қазақстанда үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешу мен азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып келеді. Мемлекет басшысы ҮЕҰ рөлін ерекше атап көрсеткен. Өздеріңіз білесіздер, олар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде маңызды рөл атқарады. Қазір елімізде үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тетіктері қалыптасты. Атап айтсақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және марапаттау. Қазір 23 мыңнан астам ҮЕҰ бар, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді.

Мемлекеттің дамуының негізгі ресурсы – адами капитал, оның әлеуеті мен дамуы, яғни әлеуметтік капитал. Азаматтарға инвестиция сала отырып, әркім әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыруға өз үлесін қосатын күшті және дамыған қоғам қалыптастырамыз.Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратын азаматтық белсенділерді Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе! Азаматтық қоғам жауапты, берекелі болсын! Еліміздегі азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды және негізгі міндеттерді жүзеге асыруда баршаңызға сәттілік, шығармашылық табыс, және кәсіби белсенділік тілеймін!», – деп жазды Аида Балаева.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

эвтаназиялау

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Оқушылар

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Кайсар уалихан

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін

Temu