USD
USD
USD

Аида Балаева Президентке халықтың тұрмыс сапасы жөнінде есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев, Балаева
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Аида Балаева Президентке заңнаманы жаңа Ата заңға сәйкестендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Бұған қоса мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, цифрлық кеңістікті ілгерілету, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ отбасы және жастар саясаты, волонтерлік қызмет пен қоғамдық бақылау салаларында шаралар туралы баяндады.

Сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары ғылыми-ағартушылық және шығармашылық бағыттардағы жобаларға тоқталып, мәдени инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Соның ішінде ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, спорт және туризм салаларын өркендету жайы сөз болды. 

Бұған қоса ведомствоаралық ықпалдастықты күшейтуге, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, адами капиталды дамытуға ерекше мән берілді.

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және әлеуметтік сала инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі есепті тыңдаған соң, Мемлекет басшысы премьер-министрдің орынбасарына мәдениет, ақпарат және әлеуметтік даму салаларындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруге бағытталған тапсырмалар берді.

Сонымен қатар Президент мәдениет, ақпараттық саясат, оқу-ағарту, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау сияқты маңызды салалардағы Үкіметтің атқарған жұмысы туралы премьер-министр орынбасарының ақпаратын оң бағалады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы