Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Аида Балаева: Құрылтай сайлауында азаматтардың белсенділігі жоғары

Бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берген премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сайлаушылардың белсенділігіне баға берді. Министрдің айтуынша, елордадағы ауа райының жаңбырлы болуына қарамастан, азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігі жоғары.

Аида Балаева
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ол сайлау барысын әлеуметтік желілердегі мониторинг арқылы да бақылап отырғанын атап өтті.

«Біз әлеуметтік желілердегі мониторингті таңертеңнен бері жүргізіп жатырмыз. Жалпы, белсенділік жоғары. Менің ойымша, өз болашағын айқындай алатын халық өзін бақытты деп атай алады. Бұл – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының арқасы. Біз мұны бағалап, тұрақтылығымызды сақтап, мемлекет басшысының прогрессивті және әділетті Қазақстан құруға бағытталған бастамаларын қолдауымыз керек», – деді министр.

Министрдің сөзінше, барлық партияның мақсаты – Құрылтайда көбірек мандат алу. Алайда оның құрамын сайлаушылардың таңдауы анықтайды.

«Партиялар өте креативті әрі белсенді жұмыс істеді. Әрқайсысы өз бағдарламасының артықшылықтарын көрсетуге тырысты. Қазақстандықтардың да бейжай қарамай, партияларды тыңдап, белсенді қатысқаны қуантады. Бүгін олардың ең үздік партиялық жобаға дауыс беруге мүмкіндігі бар. Ең белсенді, өз партиялық бағдарламасының артықшылықтарын көрсете алған партия жеңеді деп ойлаймын», – деді ол.

Сондай-ақ министр сайлаудан кейінгі Үкімет құрамының өзгеруіне де қатысты мәселеге тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі Үкімет құрамы кәсіби және Мемлекет басшысының тапсырмаларын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді.

«Мен қандай да бір баға беруге бейім емеспін. Қазіргі Үкімет құрамы өте кәсіби деп ойлаймын. Көптеген министр өз орнында қалады деп ойлаймын, өйткені Мемлекет басшысының нақты міндеттері мен бастамалары бар. Олар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан көптеген министр жұмысын жалғастырады деп есептеймін», – деді Аида Балаева.

Айта кетейік, бүгін елімізде Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 17,96%-ы, яғни 2 264 411 сайлаушы бюллетень алған.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депуттарын сайлауда ел тұрғындарының 17,96 %-ы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы

Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы Құрылтай сайлауы туралы пікір білдірді

Құрылтай сайлауы

Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы институционалдық қайта жаңғырудың жаңа кезеңін бастайды

Ерлан Қарин

Мәулен Әшімбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Мәулен Әшімбаев