USD
USD
USD

Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Аида Балаева
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. 29 тамызда Қауіпсіздік кеңесінің аппараты жеке мемлекеттік орган ретінде құрылды. Жаңа орган Президентке тікелей бағынады және есеп береді.

Таяуда Мемлекет басшысы жаңа лауазым – Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары тағайындалатынын хабарлаған еді.

«Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң вице-президенттің және премьер-министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін. Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағайындаудан кейін Аида Балаеваны қабылдаған Президент Қауіпсіздік кеңесі аппаратының құрылуына байланысты оған бірқатар міндет жүктеді. Жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.

Аида Балаева бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарған. 2025 жылғы 1 желтоқсанда премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды.

Ал Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды.

Қазір оқып жатыр

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғарғы 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен