USD
USD
USD

Аида Балаева: Ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайды

Әлеуметтік салаға мемлекеттік бюджеттің шамамен 40%-ы бағытталып отыр.

балаева
Фото: Тікелей эфирден алынған скриншот

Астана. NEGE. Мемлекет азаматтардың ақысыз негізде медициналық көмек пен білім алу құқығына кепілдік береді. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 9-отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі Конституция жобасында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі нақты әрі айқын бекітілген.

«Әлеуметтік желіде мемлекет кепілдік беретін білім беру мен денсаулық сақтаудағы әлеуметтік міндеттемелер қысқартылады деген жаңсақ пікір тарап жатыр. Алайда жаңа Конституция жобасының преамбуласы мен бірінші бабында еліміздің әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын жазылған», — деді Аида Балаева.

Оның сөзінше, ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайды. Бұл құқықтар мемлекет кепілдігімен жүзеге асырылады.

«Мына нәрсені айқын түсінуіміз керек: «тегін» деген ұғым құқықтық тұрғыдан нақтырақ — «азаматтар ақы төлемей, заңда белгiленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы» деген тұжырымдамамен алмасты. Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді. Расында, аталған қызметтер ешқашан өздігінен тегін болған жоқ, олар әрдайым мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып келді. Осыған байланысты айтылып жүрген кез келген пайымның ешқандай негізі жоқ. Мемлекеттік бюджеттің 40%-ға жуығы әлеуметтік салаға бағытталғанын да өздеріңіз жақсы білесіздер», — деді министр.

Сонымен қатар Аида Балаева Конституция жобасының жекелеген нормаларын нақтылау жөнінде ұсыныстарын айтты. Атап айтқанда, 33-баптағы «бастауыш және орта білім» ұғымын «орта мектеп» немесе «жалпы білім» деп нақтылау қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ жоғары білімге қатысты нормада «мемлекеттік» деген сөзді алып тастау орынды екенін атап өтті, өйткені қазіргі жағдайда азаматтар ақысыз жоғары білім алу құқығын мемлекеттік емес университеттерде де пайдалана алады.

Балаеваның айтуынша, бұл түзетулер білім беру саласындағы қазіргі құқықтық және институционалдық өзгерістерге толық сай келеді.

Қазір оқып жатыр

Өрт сөндірушілерге кедергі келтірген көлік бүлінсе, кім жауап береді?

Өрт

Қазақстанда неке сақиналары күрт қымбаттаған

Неке сақинасы

Air Astana және FlyArystan компанияларына авиаотынға байланысты айыппұл салынды

Ұшақ

Түркістан облысында бір стоматолог бір мезгілде ондаған пациенттің «тісін емдеген»

Стоматолог