USD
USD
USD

Айбек Барысов Украинадағы жағдайға арналған акцияға қатысты 

Ресей мен

Айбек Барысов Украинадағы жағдайға арналған акцияға қатысты 
Фото: NEGE.kz

Украина арасында соғыс басталғанына бүгін бір жыл толды. Осыған орай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер және Қазақстандағы Экономикалық ұлтшылдық қозғалысының көшбасшысы Айбек БАРЫСОВ  арнайы шараға қатысты.

А.Барысов Алматыдағы украин ақыны Тарас Шевченконың ескерткішіне көпшілікпен бірге гүл шоқтарын қойды.

«Бүгін Ресей-Украина қақтығысының басталғанына тура бір жыл толды. Сол күннен бері екі жақтан он мыңдаған адам, соның ішінде бейбіт тұрғындар – әйелдер мен балалар қаза тапты. Мүмкін болса, бәріміз осы оқиғалардан сабақ алып, мұндай жағдайдың қайталанбауына күш салуымыз керек. Біз шекараның тұтастығын қолдаймыз және агрессияға қарсымыз.

Соғыс – үлкен қасірет, Украина халқына қолдау көрсетіп, Қазақстан бұл соғыстан  сабақ алуы керек, еліміздің әскерін күшейтуіміз  қажет деп ойлаймын. Мүмкіндігінше қару-жарақ пен оқ дәріні өз елімізде шығарайық!

Біз Экономикалық Ұлтшылдық қозғалысы отандық кәсіпорындар бірлестігі осыған бар күшімізді саламыз», – деді Айбек Барысов.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат