AIBA-2021: Бүгін 6 қазақстандық шаршы алаңға шығады
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін, 1 қарашада ел құрамасынан қазақстандық алты боксшы шаршы алаңға шығады.
Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшылар күндізгі және кешкі сесссияда сынға түседі.
Күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен кездессе, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) поляк Дамман Дуркачпен қолғап түйістіреді.
Ал Нұрқанат Райыс ауғанстандық Сулиман Аслами шеберлік байқасады. Аталған жекпе-жектер 1/8 финалда сынға түседі.
Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Дитакпен, Санатәли Төлтаев (63,5 келі) украиналық Денис Песоцкий, Нұрбек Оралбай (80 келі) венгриялық Пал Ковачпен кездеседі.
Күндізгі сессия елорда уақытымен 18.00-де, кешкісі 23.00-де басталады. Жекпе-жектер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске сала кетсек, әлем чемпионатына ел құрамасының сапында 13 боксшы барды. Олардың арасынан бұған дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.
Қазір оқып жатыр
Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті
Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады
«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі
Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды