Ай мен Марс жақындайды
2021 жылы 19 ақпанға қараған түні Ай мен Марс бір-біріне жақындайды. Олардың жақындасуын Қазақстанның барлық аумағында көруге болады. Бұл туралы физика-математика ғылымдары докторы Виктор Тейфель мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Алматы, NEGE. "Бұл құбылысты Ай көрінетін барлық аймақтан байқауға болады. Ай толғанына көп уақыт болған жоқ. Дегенмен ол барлық жерден көрінеді. Әсіресе, қазақстандықтарға. Ең бастысы ауа райы ашық", - деді астрофизик.
Оның айтуынша, мұндай құбылыс сирек кездесетін астрономиялық оқиға емес. Бұл "жақындасу" Айдың Марсқа физикалық жақындауын білдірмейді, тек жерден қарағанда олар бір-біріне жақын көрінеді. Бұл құбылыс жақында Юпитер мен Сатурн арасында байқалған еді.
"Егер кешкі уақытта шығып, оңтүстік-батыс көкжикке қарасаңыз Айды көресіз. Қараңғы түскенде оның жанынан Марс көрінеді. Құбылыс кешкі уақыттан түн ортасына дейін жалғасады", - деп түсіндірді Виктор Тейфель.
Ғалым бұл құбылыс қалада да айқын көрінетінін айтты.
"Жазық далаға барудың қажеті жоқ. Мысалы, метеориттерге қатысты құбылысты қалада байқау мүмкін емес. Бұл қаладағы жарықтың басымдығына байланысты. Бірақ Ай мен Марстың жақындасуын барлық жерде көруге мүмкіндік бар", - деп қосты ол.