USD
USD
USD

АИ-92 бензинінің бағасы 205 теңгеден аспауы керек – министрлік

Энергетика министрлігі АИ-92 және АИ-95 маркалы автобензиндер бойынша қазіргі ахуалды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АИ-92 бензинінің бағасы 205 теңгеден аспауы керек – министрлік
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Қазір Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр және АИ-92, АИ-95 бензиндерін, өтінім болған кезде АИ-98 бензиндерін өндіруде.

«Мұнай базаларындағы, жолдағы, өңдеу зауыттарындағы және АИ-95 «премиалды» автобензинінің импортындағы көлемдерінің жиынтық қоры 36,5 мың тоннаны (елдің 12 күндік қажеттілігі) және АИ-92 – 257,1 мың тоннаны (18 күн) құрайды. Айта кетейік, бір литр АИ-92 автобензинінің шекті бағасы мемлекеттік баға реттеуге байланысты 205 теңгеден аспауы тиіс», - деп жазылған министрлік сайтында.

Ал АИ-95 бағасын мемлекет реттемейді, сондықтан жанармай құю станциясының «пистолетінен» шығатын баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін.

28 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысының мұнай базаларында және жолда АИ-95-тің 8 тәулікке жететін 0,8 мың тоннасы, АИ-92-нің 9 тәулікке жететін 4,1 мың тонна қоры бар.

«Жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталып, Павлодар МӨЗ іске қосылуын ескере отырып, автобензиндерді жеткізу көлемі біртіндеп ұлғаятын болады», - дейді Энергетика министрлігі.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев