Референдум Референдум
USD
USD
USD

AI-Sana іске қосылды: ЖИ курстары барлық университеттерде міндетті пәнге айналады

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенованың айтуынша, бұл бағдарлама студенттердің білімді қоғам мен болашақ экономикасы үшін құнды жобаларға айналдыра алуына жағдай жасайды.

Жасанды интеллект
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Әрбір студент өз мамандығында жасанды интеллектті қолдануды меңгеріп, болашақта жаңа технологиялар жасап немесе стартаптар аша алады.

«Бағдарлама базалық оқыту, тереңдетілген дайындық, жобалар әзірлеу, акселерация секілді бірнеше кезеңнен тұрады. Қазіргі уақытта ЖИ негіздері бойынша курстан 390 мыңнан астам студент өтті, ал 3 мыңнан астам оқытушы сертификат алды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, жасанды интеллект курстары барлық университеттерде міндетті пәнге айналды. 93 жоғары оқу орны өз бағдарламаларын бейімдеді, ал 20 университет 25 жаңа білім беру бағдарламасын ашты. Нәтижесінде Қазақстанда жасанды интеллект мамандарын жаппай даярлау басталды.

«Бұл қадамдар қазақстандық білім беру жүйесін нығайтып, үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге және шетелдік студенттер санын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Г.Көбенова.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда