USD
USD
USD

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистер жыл сайын өтетін AI & Digital Bridge халықаралық форумын өткізуге қанша қаржы жұмсалғанын сұрады. ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бахтияр Мұхаметқалиевтің сөзінше, форумға мемлекеттік бюджеттен бірде-бір қаржы жұмсалмаған.

AI & Digital Bridge 2026
Фото: ҚР ЖИиЦДМ

Астана, NEGE. Аталмыш форумның ұйымдастырушыларының бірі –  Astana Hub компаниясы. Журналистің айтуынша, форумды министрлікке тиесілі компания өткізгенімен, іс-шараның нақты құны мен демеушілер туралы толық ақпарат жарияланбаған.

Вице-министрдің сөзінше, форумға Kazakhtelecom, Halyk Bank, Freedom, Kaspi сияқты ірі компаниялар қатысқан. Іс-шарадағы стендтер, жарнамалар мен роликтерге жұмсалған қаражат форумды өткізу шығындарын жабуға мүмкіндік берген.

«Мемлекеттік бюджеттен бірде-бір теңге жұмсалған жоқ. Бүгінде Astana Hub өзін-өзі өтеу деңгейіне шықты: министрліктен ақша алмайды және өз қаражатын табу, инвесторлар мен жарнама берушілерді тарту есебінен осындай үлкен іс-шараларды жүзеге асырады», – деді Мұқаметқалиев.

Мұхаметқалиевтің сөзінше, форум өте жоғары деңгейде өткізілгендіктен, оның шығыны да көп. Дегенмен, вице-министр жұмсалған қаражаттың нақты сомасын атамады. 

«Форум өте жоғары деңгейде өткізілуі тиіс болғандықтан, жеткілікті түрде үлкен сомалар екені анық. Алайда, ол нақты келісімшарттар есебінен өзінің шығынын өтейді. Мен қазір нақты соманы айта алмаймын», – деді ол.

Сондай-ақ, вице-министр Astana Hub мемлекеттік орган емес екенін және оның корпоративтік талаптары бар екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Өртке оранған автокөлік

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты

Дрон шабуылы: Қазақстан энергетика нысандарындағы қорғаныс жүйесін күшейтпек

Электр энергетика