USD
USD
USD

Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды

 2017 жылдан бастап 2021 жылғы наурыз айына дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған ол жаңа қызметке келді. 

Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды.

Ахметжан Смағұлұлы ЕСІМОВ 1950 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Ресей Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. 1990-1992 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

1992-1994 жылдары - Алматы облысы әкімшілігінің басшысы. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы. 1998-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкмішілігінің басшысы, Бенилюкс елдеріндегі (Бельгия Корольдігі, Нидерланды Корольдігі және Люксембург Ұлы Герцогтігі) Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметтерін атқарған. 2008-2015 жылдары - Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. 2015 жылдың тамызынан – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. 2017 жылдан бастап 2021 жылғы наурыз айына дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы