USD
USD
USD

Ахметов қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберді

Sports.kz

Ахметов қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберді
Фото: NEGE.kz
Қазақстандық босшы Әли Ахмедов Америка Құрама Штаттарының Монтебелло қаласында өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды .
 
Алматы, NEGE. Бүгінгі бокс кешінде Әли Ахмедов мексикалық боксшы Пауль Валенсуэламен жекпе-жекке шыққан болатын.
 
Суперорта салмақтағы кездесу 10 раундқа созылуға тиіс еді. Алайда ол бірінші раундтың соңында қазақстандық боксшының нокаутынан кейін уақытынан бұрын аяқталды.

Осылайша Әли Ахмедов өзінің кәсіпқой бокстағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Пауль Валенсуэла осымен он бірінші мәрте жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында IBO бойынша әлем чемпионы титулы үшін тартыста Карлос Гонгора Әли Ахмедовты нокаутқа жіберген болатын.

Бұл – Әлидің содан бергі екінші жекпе-жегі.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар