USD
USD
USD

Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы түскен видеосы мен фотосы табылды

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы түскен видеосы мен бұрын жарияланбаған фотосуреті Әзірбайжан елінің мұрағатынан табылған.

Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы түскен видеосы мен фотосы табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

"Қадірлі қауым, ақжолтай жаңалық! 

Біздің ғалымдар Әзірбайжан архивінен Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының видеосы бар таспа мен бұрын жарияланбаған фотосуретін елге жеткізді. 

Бейнетаспада 1926 жылдың 26 ақпаны мен 5 наурызы аралығында Әзербайжан КСР-нде өткен І бүкілодақтық түркология құрылтайы (съезд) бейнеленген. 

8 минуттық видеода Ахмет Байтұрсынұлы 6 рет көрінеді. Бір қызығы съезде үш оператор жұмыс істеген. Біздің ғалымдар тауып әкелген видеодан бөлек, тағы екі аппараттың түсірген бейнежазбалары болуы мүмкін. Оны да алдағы уақытта табуды міндет етіп отыр жас ғалымдар.

Ал, фотосурет Әзірбайжан мемлекеттік өнер және мәдениет мұрағатында істейтін ғалым Фархад Ағзадәнің жеке қорынан алған. 

Бірінші түркологиялық құрылтайда түсірілген суретте Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Біләл Сүлеевтер бар. 

Осы еңбектері үшін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары, PhD Ермұхамет Маралбек пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері  Әрлен Сейітбатқаға алғыс айтамыз!" - деп жазды Саясат Нұрбек. 

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті