USD
USD
USD

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ғылыми экспедиция басталады

 Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған экспедиция Қостанайда басталады. 

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ғылыми экспедиция басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Одан кейін қатысушылар Қарқаралы, Семей, Қарабұтақ, Әулиекөл және Торғайға аттанады. Ресейдің бірқатар қалаларында, сондай-ақ Бакуде деректер жинау жалғасады. Экспедиция қорытындысы бойынша деректі фильм түсіру жоспарлануда. «Ақаң жүріп өткен жолмен...» атты ғылыми-танымдық экспедиция Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Экспедицияға қатысушылар 5 маусымнан бастап бірінші бағыт бойынша жолға шығады: Қостанай - Қарқаралы - Семей - Қарабұтақ – Әулиекөл - Торғай. «Әрбір пунктте мемлекеттік мұрағаттар, мұражайлар, сондай-ақ А.Байтұрсынов оқыған, жұмыс істеген мектептер, редакциялар мен түрмелерге барады. 13 маусымнан кейін Қостанай - Орынбор - Мәскеу - Архангельск - Баку – Челябинск шетел бағытымен сапарлау жоспарланған», – деді экспедиция мүшесі, өлкетанушы, тарихшы, ахметтанушы Ибрагим Ағытай өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингісінде.

Жоба қорытындысы бойынша Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы жаңа деректер жинау, сондай-ақ мұрағаттар, мұражайлар қорын анықталған құжаттармен толықтыру, сондай-ақ экспедиция нәтижелері туралы деректі фильм шығару жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы