Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Агротуризмді дамыту моделі әзірленбек

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ төрағасы Ержан Еркінбаев елде агротуризмді дамыту моделін әзірлеу үшін далалық зерттеу жұмыстары басталатынын мәлім етті. 

Агротуризмді дамыту моделі әзірленбек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы айда Қазақстанда агротуризмді дамыту моделін әзірлеу бойынша далалық зерттеу жұмыстарын бастаймыз. Осы жұмыс аясында туризмнің осынау әлеуеті зор саласын дамытуға қатысты оңтайлы амал-әдістер ұсынылады. Алматы, Ақмола, Түркістан облыстарында қазір бұл саланы байытатын шаруашылық түрлері өте көп. Мәселен ара шаруашылығы, бақтар, үлкен фермалар негізінде өте көрікті туристік өнімдерді шығаруға болады», – деді Ержан Еркінбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Компания басшысы дәл осындай зерттеу жұмыстары шипажайлық-курорттық нысандарда да жүргізілетінін атап өтті. Осылайша, елдегі курорттарды танымал ете түсер ұсыныстар әзірленбек.

«Қазіргі уақытта елде 145 шипажайлық-курорттық нысан бар. Бірақ, өкінішке қарай олардың жұмыс реті советтік кезеңді еске түсіреді. Қызмет сапасы дами қоймаған. Қазіргі уақытта осы саладағы түйткілді мәселелерді зерттеп, шетелден сұранысты арттырғымыз келеді», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында бұрынғы жұбайын соққытаяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жаңа некесіне қатысты пікір білдірді

Әділет Зейнел

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірді деген күдікпен 13 адам қамауға алынды

заңсыз алтын өндірісі

Қазақстан КҚК-ға жасалған шабуылдар салдарынан шамамен 700 млн доллар табыстан қағылды – сарапшы

Мұнай