USD
USD
USD

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы таныстырылды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын таныстырды.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасы таныстырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірледі. Ұлттық жобаны әзірлеу кезінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтер, алдыңғы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру қорытындылары ескерілді. Ұлттық жобаны әзірлеуге халықаралық FAO ұйымының сарапшылары тартылды», - деді Ербол Қарашөкеев.

Ұлттық жобаның мынадай негізгі міндеттері айқындалды:

- еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру;

- отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі;

- өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту;

- 7 ірі экожүйе қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру.

«Еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсатына қол жеткізу үшін негізгі факторлар айқындалды.Тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, тұқымдарды қадағалау жүйесін құру, сондай-ақ тұқым өсіру шаруашылықтарын қазіргі заманғы техникамен және жабдықтармен техникалық жарақтандыру есебінен дамыту жоспарланып отыр. Минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру мақсатында өнеркәсіптік өндірістің органикалық тыңайтқыштарын субсидиялау және агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының қызметі мен материалдық-техникалық базасын жетілдіру көзделген. Техникалық жарақтандырылу деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық субсидиялау жалғастырылады, сондай-ақ «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бағдарламалары кеңейтіледі. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, су беруді субсидиялау тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады. Бұл су үнемдеу технологиялары қолданылатын алаңдарды 450 мың гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Польша Ресеймен шекарада диверсия қаупіне байланысты арнайы операция бастады

әскери адам

10-11 қарашада Абу-Дабиде АҚШ, Украина мен Ресей тарабы келіссөз жүргізеді

тулар

Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасының екінші кезеңіне өтінім қабылдауды бастады

Отбасы банк

Маңғыстауда темір жол өткеліне шығып кеткен жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Тепловоз бен жүк көлігі