Референдум Референдум
USD
USD
USD

Аграрлық түлектер ауылда жұмыс істеуге міндеттеледі

Ауыл жастарына арналған квота бойынша аграрлық жоғары оқу орындарын бітірген түлектер 2020 жылдан бастап ауылдық жерлерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болады, – деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Аграрлық түлектер ауылда жұмыс істеуге міндеттеледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, министрлік ауыл шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлауға қатысты ұлттық заңнамаға бірқатар түзету енгізді. Биыл 28 қазанда Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойған болатын.

"Жаңа заң бойынша ауылдық квотамен ауыл шаруашылығы мамандықтарында оқыған ЖОО-ның түлектері ауылдық жерлерде кемінде 3 жыл жұмыс істейді. Заңнаманы өзгерту, шын мәнінде, мемлекет есебінен жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған ауыл жастарын аграрлық бейіндегі ұйымдарда кепілді түрде жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді. Министрлік бұл шара ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кәсіби кадрларға деген сұранысын арттыруға мүмкіндік береді деп санайды. Жаңашылдық жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Сондай-ақ, ауылдық жерде "ауыл шаруашылығы мамандығы" бойынша мүлде жұмыс істеуді жоспарламаған талапкерлердің "ауылдық квотамен" мемлекеттік грантқа түсуіне жол бермейді", – деді министрлік өкілдері.
 

Қазір оқып жатыр

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Аурухана

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер