USD
USD
USD

Ағылшын ақсүйектері кімнің есебінен өмір сүреді?

«Принц Гарри мен Меган Маркл тұрып жатқан Англиядағы қымбыт үй Қазақстандағы даулы уран ісіне қатысы бар канадалық миллиардер Фрэнк Гистраға тиесілі», – деп жазады Daily Mail басылымы.

Ағылшын ақсүйектері кімнің есебінен өмір сүреді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құны 14 млн доллар тұратын үйде ақсүйек әулеттің өкілдері уақытша тұрып жатыр. Гарри мен Меган жеке шаңырақ боп тұңғыш жаңа жылын қарсы алған аталмыш үйді оларға тегін тұра тұруы үшін канадалық магнаттың өзі берген екен.

«Клинтондар қорын» басқаратын Фрэнк Гистра 2005 жылы сол кездегі Америка президенті Билл Клинтонмен бірге Қазақстанға келіп, қазақ жерінде уран байытумен айналысатын UrAsia компаниясын құруға келісім-шарт жасасты. Кейін ол компания ресейлік Росатомға қарасты халықаралық Uranium One компаниясымен бірікті. Бұл жағдайдан кейін, бір жылдан соң Фрэнк Гистра «Клинтондар қорына» қайырымдылық ретінде 31,3 млн доллар аударды.

Қазір оқып жатыр

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

«Алатау» АЭА

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Базарбек

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген

Алатау қаласы

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады

Жақсылық Омар