USD
USD
USD

Ағалы-інілі үш адам пойыз астына түсті

 АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында үш ер адам пойыз астына түсіп өлді. Үшеуі ағалы-інілі болған.

Ағалы-інілі үш адам пойыз астына түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ер адамды бір апта бұрын пойыз қағып кеткен. Марқұмды теміржол үстінде еске алмақ болған бауырлары да пойыз астына түсті. Бір апта бұрын бауырынан айырылған екі ер адам марқұмды еске алып, ескерткіш тақта орнатуды жоспарлапты. Рельспен жүріп келе жатқан кезде екеуін де пойыз басып кетті, деп жазады NTD.

20 және 29 жастағы ер адамдар алған жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. Бейнежазба олар рельсте тұрғанын растады. Марқұм бауырын еске алып, майшам жағып қойған. Полиция олар мас болды деген болжамды жоққа шығармайды.

Жергілікті полиция өкілі теміржолдағы барлық қауіпсіздік құралы жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев