USD
USD
USD

Ағайындылар полицейлерге қарсылық көрсетті 

Түркістан облысында ағайынды екі жігіт жергілікті тұрғынды ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған. Оқиға орнына жеткен полицейлерге қарсылық көрсеткен. 

Ағайындылар полицейлерге қарсылық көрсетті 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай Қазығұрт ауданында болған. Жергілікті тұрғын көше бойында кетіп бара жатқанда белгісіз біреулер тиіскен. Олар өзара дауласып, сөзге келіп қалған. Содан күдіктінің бірі жәбірленушіге бір-екі соққы беріп, ол полицейлерді шақыртқан. Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полицейлер күдіктілердің жеке-басын анықтап, мекен-жайлары арқылы тапқан. Бұзақылық жасаған ағайындылар тәртіп сақшыларына түрлі балағат сөздерді айтып, заңды талаптарға бағынғысы келмеген.

Өздерінің дөрекі мінезін көрсетуін жалғастырып, тіпті учаскелік полиция қызметкерінің біріне күш қолданған. Оны ұрып-соққаны анықталды. «Күдікті ағасы мен інісіне ҚР ҚК 380-бабы – «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» және 378-бабы – «Билік өкілін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екеуі де қамауға алынып, бүгінде соттың қаулысымен кепілмен босатылған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Путин Еуропаға және тұтас әлемге оңтайлы саяси тұлға – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль