USD
USD
USD

Ағайындылар мешітті тонап келген

Қызылорда облысында ағайындылар мешітті тонап келген.

Ағайындылар мешітті тонап келген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызылорда облысының бірнеше ауылында мешіттердегі садақа жәшіктерін бұзып, ақша алып кеткен екі адам қолға түсті.

Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты бірнеше ауылдың мешітінде болған. Сұғанақ қолды ұрылар мешіттерге түнде терезе арқылы кірген. Жәшіктерді бұзып, онда тұрған ақшаны алып кеткен. Бұл жөнінде мешіттер имамдары Жаңақорған аудандық полиция бөліміне шағым түсірді.

Хабарлама бойынша оқиға орнына жедел-тергеу топтары жіберілді. Полицейлер іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті екі азамат ұсталды.

«Күдіктілер Түркістан облысының ағайынды 26 және 32 жастағы тұрғындары екені белгілі болды. Олар жасаған қылмысын мойындады. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармақшасына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер