USD
USD
USD

Ағайынды жігіттерге сот үкімі шықты

2019 жылдың тамыз айында Алматы қаласының Гагарин даңғылында бірнеше адамды аяусыздықпен қағып кеткен ағайынды жігіттер ұзақ жылға сотталды.

Ағайынды жігіттерге сот үкімі шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сот үкімімен Жандос пен Дінмұхамед Әлікеевтер "Бұзақылық және "Адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша айыпты деп танылды.

"Жандос Әлікеев айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылсын, жазасын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін.

Дінмұхамед Әлікеев айыпты деп танылып, 11 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылсын, жазасын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтесін.", – деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

Еске сала кетсек, оқиға былтыр 26 тамызда таңғы сағат 5 шамасында Гагарин даңғылы бойында болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған роликтен ақ түсті Toyota Camry көлігі көше бойындағы жігіттердің бірін қағып кете жаздағаны байқалады. Кейін қара түсті Toyota Avensis үш жігітті қасақана қағып өтеді. Бұзақылық оқиғасы барысында Сергей Хан, Еркен Сәрсенбаев және Станислав Алиев деген жігіттер түрлі жарақат алған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан