USD
USD
USD

Ағайынды қылмыскерлер ұсталды

Елордалық полицейлер күндіз үйлер мен барактарды тонаған екі ағайындыны ұстады, деп хабарлайды қалалық Полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Ағайынды қылмыскерлер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұрылар соңғы жолы Байқоңыр көшесіндегі үйден әйелдің қаракүзен ішігін ұрлаған. Есіктің құлыпталмағанын пайдаланып, олар үйге кіріп, құны 150 мың теңге тұратын ішікті алып кеткен.

Сотқа дейінгі тергеу барысында олар ұрланған затты ломбардқа кепілге беріп, ол жерден 20 мың теңге алып шыққаны анықталды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ұрының үйінен басқа да ұрланған заттарды тәркіледі. Ұсталған 47 және 40 жастағы ағайындылар кінәсын мойындады.

Екеуі де бұрын сотталған.

Олардың үстінен ҚР ҚК-нің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жыл басынан бері заң ұрлық үшін жауапкершілікті күшейткенін еске салады. Енді қылмыстың бұл түрі ауыр санатқа ауысты. Айыптының мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, мәмілеге келу де алып тасталған.

Қазір оқып жатыр

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский

Каратэші Әсел Қанай ХХ Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Әсел Қанай

Қорғаныс министрлігі әскери техника жайлы мәлімдеме жасады

Оқу-жаттығуға жөнелтілген әскери техника

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт шықты

Өрт сөндірушілер