Спорт
Ағайынды Емельяновтар Токио олимпиадасында жартылай финалға өте алмады
Токио Олимпиадасында ерлер мен әйелдер арасында байдарка мен каноэ есуден сайыстар жалғасып жатыр.
Алматы, NEGE. Байдарка мен каноэде есуден ерлер арасында 1000 м қашықтықтағы ширек финалдық сындар аяқталды. Аталған санат бойынша Қазақстан сапынан ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар қатысты. Ширек финалдың нәтижесі бойынша Қазақстан 3:55.157 көрсеткішмен төртінші орыннан көрінді.
Мұндай нәтиже А финалына жолдама алуға жеткіліксіз болғандықтан, қазақстандық дуэт В финалында бақ сынайды. В финалы 3 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 8:45-те өтеді.