Референдум Референдум
USD
USD
USD

Ағайынды Әлібаевтарды ұрып-соққан полиция қызметкерлері жазалануы мүмкін

Бұған дейін Nege.kz сайты «Ағайынды Әлібаевтар: «Серік Үмбетовтің туыстары жала жауып, соққыға жықты» деген тақырыпта мақала жарияланған болатын.

Ағайынды Әлібаевтарды ұрып-соққан полиция қызметкерлері жазалануы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Аталған мақалада Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының тұрғындары Мадияр мен Сапарбек Әлібаев «Серік Үмбетовтеің туыстарынан жәбір көрдік» деп Мемлекет басшысына, Ішкі істер министріне, Бас прокурорға және басқа да құзыретті органдарға  шағымданған еді. Мақаладан кейін Алматы облысының Полиция департаменті реакция білдіріп, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

 Осы мәселеге байланысты облыстық полиция департаменті кезекті рет хабарлама жасады.

«Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция бөлімі қызметкерлерінің тарапынан мал ұрлығы бойынша күдікті болып, полиция бөлімшесіне жеткізілген екі жергілікті тұрғынға қатысты күш қолдану туралы бапқа қатысты Алматы облысы Жамбыл ауданының прокуратурасы 25.10.2021 жылы Жамбыл ауданы ПБ полиция қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 146-бабының 2-бөлігі (азаптау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлаймыз. Сол күні Алматы облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізуді тағайындады, оның нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылықтар анықталған жағдайда аудандық ПБ лауазымды тұлғалары жауапкершілікке тартылатын болады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Елімізде мал басын көбейтуге 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру басталды

Мал шаруашылығы

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды

блогерлер

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары шетелге көбірек көшіп жатыр?

Саяхат

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды

Ұстау