USD
USD
USD

Аға офицер құны 30 млн теңге болатын аспапты ломбардқа өткізіп жіберген

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Шымкент гарнизоны әскери сотында өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иелену фактісі бойынша "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, әскери бөлімі штабының жедел басқармасының аға офицері К. өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланып, пайдакүнемдік мақсатта әскери бөлімге тиесілі топографиялық аспаптарды "Д" ломбардына өткізген. Салдарынан мемлекетке 30 млн теңгеден астам залал келтірген.

Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, куәлердің жауаптарымен және тергеу хаттамаларымен дәлелденген.

Жәбірленушінің өкілі – сотталушымен материалдық құндылық әскери бөлімге толық қайтарылуына байланысты сотталушыға бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

"Сот үкімімен сотталушы К. ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл мерзімге бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сотталушы К. "капитан" әскери атағынан айырылды", делінген сот хабарламасында.

Жаза тағайындауда сот сотталушымен қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде істеген іс-әрекетіне шынайы өкінетіндігін, келтірген материалдық залал толығымен өтеуі, ал ауырлататын мән-жайлар ретінде өзі берген әскери антын бұза отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауын таныды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев