Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Африканың бес елінде маймыл шешегінен 70-ке жуық адам көз жұмды

  Бұл жыл басынан бергі көрсеткіш. Қазір әлемде маймыл шешегін жұқтырғандар саны 550 адамнан асты.

Африканың бес елінде маймыл шешегінен 70-ке жуық адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауру анықталған елдер қатары 30-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Мамандар маймыл шешегін бірден анықтау қиынға түсіп отырғанын айтады. Жыл басынан бері Африканың 5 елінде аталған аурудан 70-ке жуық адам көз жұмған. Маймыл шешегі кең тараған Нигерияда жабайы жануарлардың етін саудалауға тыйым салынды. Бұл елде маймыл, жылан мен егеуқұйрықтың етінен жасалған тағам деликатес болып саналады. Зообақ қызметкерлері жануарларға адамдардың жақындамауын қадағалау керек.

Ал Германияда індеттің тез тарауына нақты не себеп болғанын анықтау мәселесі ғалымдардың бас ауруына айналды, Таяуда денсаулық сақтау саласының сарапшылары маймыл шешегі мен өзге де инфекциялық аурулар жануарларға медициналық қалдықтар арқылы да жұғуы мүмкін деп алаңдаушылық білдірді. Өйткені дұрыс утилизацияланбаған медициналық құрал-жабдықтарда кеміргіш жануарлар жүреді. Сондықтан мамандар биоқауіпсіздікке аса мән беру керек дейді.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан сотқа берген ақтөбелік емші айыппұл арқалады

Алагөзова, Сәтжан, Лепесова

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%-ға тең

қант импорты