USD
USD
USD

Африканың 23 елінде тырысқақ ошағы тіркелді

Жыл басынан бері Африкада тырысқақ індетін жұқтырған 205 мың адам тіркеліп, өлім көрсеткіші 2,1%-ға жетті. Әсіресе нөсер жауын кезінде дерт жұқтыру қаупі артып келеді, деп жазады DW.

А
Фото: Almaty.tv

Алматы, NEGE. Індет Африканың 23 еліне тарады. Сенбі, 9 тамыз күні dpa ақпараттық агенттігі Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарына (Африка CDC) сілтеме жасап, биылдың өзінде 205,000 жұқтыру жағдайы тіркеліп, өлім деңгейі 2,1%-ға жеткенін хабарлады.

Өткен жылы бұл көрсеткіш 1,9% болды, деді ACDC өкілі Нгаши Нгонго брифингте.

"Алайда бұл орташа көрсеткіш. Қолайсыз жергілікті жағдайларда өлім-жітім деңгейі әлдеқайда жоғары болуы мүмкін,- деп нақтылайды dpa басылымы.

Он мыңдаған баланың тырысқақ ауруын жұқтыру қаупі бар.

Тырысқақ туындауының негізгі себебі ағзадағы су тапшылығы. Көбінесе бұл дерттен зардап шегетіндер – аз қамтылған отбасылар мен таза ауыз суға қолы жетпейтін халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ескерткендей, жаңбырлы маусым басталғалы Батыс және Орталық Африкада 80 мыңнан астам бала тырысқақ ауруын жұқтыру қаупі бар. Бұл айналаны су басқан жаңбыр кезінде дәретханалардың нәжісі африкалықтар су алатын құдықтар мен өзендерге түседі.

Сонымен қатар, ACDC Африкадағы санитарлық инфрақұрылымға инвестицияның жеткіліксіздігін осы континентте тырысқақ инфекцияларының көбеюінің себептерінің бірі ретінде көрсетеді. Мәселен, осы қауіпті дерттен ерекше зардап шеккен Оңтүстік Судан елінде халықтың 16 пайызы ғана санитарлық-гигиеналық қондырғыларға қол жеткізе алады. Сонымен қатар, Суданда халықтың 35 пайызы ғана таза ауыз сумен қамтылған.

Өз кезегінде Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (ACDC) бас директоры Жан Кейси Африка мемлекеттерінің басшыларымен кездесуінде құрлыққа тырысқаққа қарсы вакциналардың жеткіліксіз жеткізілуін сынға алды.

Оның айтуынша, ол жерде жылына 54 миллион доза қажет, бірақ оның жартысы ғана жетеді. Жағдай әсіресе қақтығыстарға байланысты волонтерлік жұмыс қауіпті болып табылатын Африканың аймақтарында қиын.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс