USD
USD
USD

АЭС: Ноғаев не деді?

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев елімізде Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты пікірін білдірді.

АЭС: Ноғаев не деді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінге дейін қандай позицияда болсақ, әлі соны ұстанып отырмыз. Әзірге қаралып жатыр. Энергетика министрлігінің позициясы мынадай болды: энергияның қосымша көздері барда біз бұл мәселені қараймыз. Ал қазіргі таңда республика энергиямен өзін-өзі қамтып отыр. Тіпті электр энергияның бір бөлігі экспортталады», – деді Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. Энергетика министрінің айтуынша, қазіргі таңда елді электр энергиясымен қамту мәселесін жақсарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. «Жуықта Атырау облысында еркін экономикалық аумақта республикалық маңыздағы 310 мегаваттық Қарабатан газ-құбырлы электр станциясы пайдалануға берілді», –  деді ол.

«Яғни АЭС құрылысын жүргізу мәселесі жабылды деуге бола ма?» деген сұраққа министр «жабылды деуге келмейді, қандай сатыда тұрды – әлі сонда» деп қайтара жауап берді. Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында АЭС салу мәселесіне қатысты бұрынғы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пікір білдірген болатын.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама

Тоқаев ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құруды ұсынды

су қауіпсіздігі