USD
USD
USD

АЭС: Экология министрлігінің позициясы қандай?

Қазақстанда атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен ауылында салынатын болды. Ауыл Алматыдан 300 шақырым жерде, Балқаш көлінің маңында орналасқан. 

АЭС: Экология министрлігінің позициясы қандай?
Фото: NEGE.kz

«Атом электр станциясы жұмысын бастаған жағдайда экологияға залал тигізбей ме?», – деген сауал туындайды. Мәселен, Семей полигонында қаншама адам радиация алды. Черонбыльдегі жарылысты да ешкім ұмыта қойған жоқ. Оның зардабы әлі де басылған жоқ. Чернобыльдің халқы жарылыстан кейін тегіс көшіріліп, тірі пенде жоқ өлі қалаға айналды. 

АЭС Үлкен ауылында салынса, оның сол елдімекенге тигізетін экологиялық залалы бар ма? Тұрғындар нені ескеру керек?

Nege тілшісі жолдаған осы сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова жауап берді. 

«Атом станциясы туралы емес, атом энергиясы туралы айта кетейін. Мысалы, көмір энергетикасына қарағанда, оның қалдықтары аз. Тіпті жоқ деп те айтуға болады. Әрине, оның басқа да экологиялық мәселелерін жоққа шығаруға болмас. Оның қалдықтары көмірге қарағанда таза. 

Ал осы АЭС-тің салынуына келетін болсақ, Экология министрлігінің өзіндік позициясы бар. Қазір біз осы мәселені сараладық, пысықтадық. Электр станциясын салудың алдында бірқатар іске асыратын шаралар бар.  

Біріншіден, оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау керек. Оған стратегиялық-экологиялық бағалауды міндетті түрде жүргізу маңызды», – деді  Зүлфия Сүлейменова.

Экология министрлігі Энергетика министрлігіне бірнеше талабын жолдаған. 

«Оның тек қана қоршаған ортаға ғана емес толық экожүйеге қалай әсер ететінін нақтылаған жөн. Біз осы жағдайлардың барлығын кешенді түрде қарап, бірнеше талабымызды жолдадық. Балқаш көлінің белгілі бір статусы бар. Оны да есепке алу керек. Аталған нысанның құрылысына қатысты айтатын болсақ, ол келесі бір деңгейге өтпейінше, бірнеше мәселені шешуге бағытталған шаралар бар.

Экология министрлігі тарапынан біз аталған жағдайларды Энергетика министрлігіне жолдадық. Оны тез арада жүзеге асыру қажет деп ойлаймын», – деді вице-министр. 

Электр станциясын салудың алдында бірқатар іске асыратын шаралар бар екенін атап өткен вице-министр оның нақты қандай шаралар екенін айтпады.

Ал қазір қоғамның АЭС құрылысына деген көз­қарасы әртүрлі. Әрине, АЭС – тиімді энергия көзі болып қала береді. Сол себепті оның экологиялық жағдайынаннан бөлек экономикаға тигізетін пайдасы көбірек есепке алынады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов