USD
USD
USD

АЭС атауын таңдау жөніндегі конкурстың шарттары жарияланды

Қазақстанда АЭС атауын таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның ережесі мен құрамы бекітілді, деп хабарлады Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.

А
Фото: abai.kz

Алматы, NEGE. Оның құрамына жұртшылық өкілдері, креативті индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кірді. Бұдан бөлек, өтінімдерді беру және қарау тәртібін, оларды бағалау өлшем шарттарын және қорытынды шешім қабылдау рәсімдерін айқындайтын конкурсты өткізу ережесінің жобасы қаралды.

Жұмыс тобының мүшелері АЭС атауын айқындау шешімі бірқатар факторларды ескере отырып қабылданатынын атап өтті.

"Конкурстық комиссия ұсыныстарды атаудың танымалдылығы, тарихи және мәдени маңыздылығы, атом энергетикасының имиджіне сәйкестігі, әуезділігі, есте сақтаудың жеңілдігі, бірегейлігі және өзіндік ерекшелігі секілді өлшем шарттар бойынша бағалайды. Сонымен қатар, қорлайтын немесе кемсітушілік сипаттағы сөздерді, бейәдеп лексиканы, коммерциялық брендтерді қамтитын, сондай-ақ Қазақстан заңнамасын және үшінші тұлғалардың құқықтарын, оның ішінде авторлық құқықты бұзатын атаулар қабылданбайды" - делінген ведомство хабарламасында.

Агенттіктің хабарлауынша, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мақсатында цифрлық шешімдерді қолдану жоспарлануда.

Осы орайда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ-мен бірлесіп, өтінімдерді eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізгені де нақтыланады.

Бұған дейін Тоқаев алғашқы АЭС-ке үздік атау табу үшін байқау жариялауды ұсынған еді.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі дрон шабуылынан кейін Атырау – Самара құбыры арқылы мұнай тасымалы қайта жанданды

Мұнай құбыры

Польша Ресеймен шекарада диверсия қаупіне байланысты арнайы операция бастады

әскери адам

10-11 қарашада Абу-Дабиде АҚШ, Украина мен Ресей тараптары келіссөз жүргізеді

тулар

Отбасы банк «Ұмай» бағдарламасының екінші кезеңіне өтінім қабылдауды бастады

Отбасы банк