USD
USD
USD

Адвокаттарға айыптау қорытындысына қарама-қайшы құжат ұсыну құқығы беріледі

Мәжіліс Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Адвокат
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Түзетулер Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру үшін әзірленді және қазақстандық қоғамның конституциялық құндылықтарын қылмыстық-құқықтық қорғауды күшейтуге бағытталған.

Түзетулер адвокаттарға сотқа қорғау актісін – айыптау қорытындысына қарама-қайшы құжат ұсыну құқығын береді. Сондай-ақ оларға қылмыстық қудалау органдарына хабарламастан сараптама объектілері туралы мәліметтермен танысу, сараптама тағайындау және қорытынды алу мүмкіндігі беріледі.

Бұл ретте адвокаттар сараптамаға жіберілген кезде жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметінің, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен танысуға құқылы. Заң барлық қылмыстық процеске қатысушылардың мүдделерін ескере отырып әзірленді. Ол азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық сот ісін жүргізудің бәсекелестік сипатын күшейтуге, оларды оңтайландыруға және бюрократиясыздандыруға қатысты мәселелерді теңгерімді түрде қарастырады.

Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне азаматтық-құқықтық немесе салыққа қатысты дауға байланысты өтініштер мен хабарламаларды тіркеуге тыйым салынады.

Сондай-ақ салық заңнамасы саласындағы бұзушылықтарға салықтық тексеру актісін, маманның қорытындысын, олардың сотқа дейінгі немесе сотқа шағымын қоспай тіркеуге тыйым салынады. Осылайша, қылмыстық істерді негізсіз тіркеуге жол бермеу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет