USD
USD
USD

Адвокат: Төреғали ТӨРӘЛІНІҢ қандай жұмысқа жегілетінін ӘКІМДІК анықтайды

14 маусым күні

Адвокат: Төреғали ТӨРӘЛІНІҢ қандай жұмысқа жегілетінін ӘКІМДІК анықтайды
Фото: NEGE.kz

тентектік жасап Алматы полициясына түскен Төреғали Төреәлінің ісі әлі аяқталған жоқ. Ол 40 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасына тартылды.

Есірткіге мас күйінде көлік жүргізді деп айыпталған әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Сондай-ақ оған полицияға қарсылық көрсетіп, билік өкілдеріне әдепсіз сөз айтқаны үшін  40 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы сот шешімі шықты. Енді ол қандай қоғамдық жұмыс атқарады: Көше сыпыра ма, әлде көң оя ма?

Тілшіміз әншінің адвокаты Тілеужан КІШКЕНЕБАЕВҚА хабарласып сот ісінің мән-жайын сұрады.


– Қорғауыңыздағы Төреғали Төрәлі сот шешімімен қоғамдық жұмысқа жегілетін болды. Енді ол қандай жұмыс істейді?

– Оны әкімдік анықтайды. Әзірге қандай жұмыс істейтіні белгісіз. Бірақ алда апелляция бар, әлі соттасамыз. Себебі қырық сағат жұмысқа жегеді деген жазамен келіспейміз. Себебі, ол кінәсі жоқ адам. Жазықсыз айыпталып отыр.

Сот шешімі өзгеріссіз қалса, Төреғали қоғамдық жұмыс істеуге дайын ба?

– Егер кінәсі дәлелденсе, қандай жұмыс берсе де орындауға әзір. Бірақ кінәсі дәлелденген жоқ.

Сонда сот шешімімен мүлде келіспейсіздер ме?

– Келіспейміз. Сондықтан істі қайта қарауға береміз.

Фото: Видеодан скрин

Алғаш жауапкершілікке тартылғанда ол «есірткіге мас болды» деп айыпталған еді. Ондай адам өзіне жауап бере алмайды ғой...

– Ол бойынша тәуелсіз сараптамалар жүргізілді. Нәтижесінде қан құрамынан есірткі тұтынғаны анықталмады. Сондықтан жазықсыз 20 күнге қамалғаны бойынша қайта дауласамыз.

Әншінің бес баласы бар екен. Бұл сот барысында ескерілді ме?

– Жоқ, ескерілген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Францияда аптап ыстықта көлікте қалған екі бала көз жұмды

Аптап ыстық

Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды

Бурабай

Тасымалдаушының «көмегіне» жүгінген алматылық 60 млн теңге шығынға ұшыраған

алаяқтық

АҚШ келіссөздерден кейін Иранға қарсы санкцияларды алып тастады

санкция