USD
USD
USD

Адвокат: "Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылмайды"

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

Адвокат: "Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылмайды"
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. “Есірткі тасымалдады” деген айыппен Қытайда жазасын өтеп жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбай туралы желіде елге оралатын болды деген ақпарат тараған еді. Осы ақпаратқа қатысты Ақжарқын Тұрлыбайдың 2014 жылдан бергі адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовтің айтуынша, желідегі ақпарат жалған, Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылмайды. 

"Гуанчжоу соты өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарған сәттен бастап 10 күн ішінде апелляциялық шағым түсірдік.  Апелляция күні жабылған жоқ. Дәл қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбай елге қайтарылмайды", – дейді адвокат.

Сондай-ақ, ол: "А.Тұрлыбайды ҚХР-дан ҚР-ға ауыстыру Қытай сотының үкімі заңды күшіне енгеннен кейін мүмкін болады. Осыдан кейін екі елдің өзара байланысына, қарым-қатынасына сүйене отырып, трансфер жасалады. Әрине, Ақжарқын Тұрлыбай ҚХР юрисдикциясынан ауысуға ниетті. Алайда, процедураның мерзімі әлі талқыланған жоқ.

Осы істі шешуге ҚР президентінің де ықпал етіп жатыр деген мәліметке қатысты айтарым, мемлекет басшысы А.Тұрлыбайдың отанға ауысуына мүдделі және барлық әрекеттерді жасауда. Өздеріңіз білетіндей, ол кәсіби дипломат және синолог", – деді Сұңқар Нұрмағамбетов.

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты қызметтеріне ақы алмайтынын, Қытайға да өз есебінен барып келіп жүргенін айтқан болатын. Ал оосыған дейін Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Қытай елімен келісімге келген жағдайда сол жақта өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға әкелінуі мүмкін екенін айтқан.

Қазір оқып жатыр

Әлем жасанды интеллектіні қалай реттеп жатыр?

ЖИ

Трамп ХАМАС-қа қатысты «тарихи келісімге» қол жеткізілгенін мәлімдеді

Трамп

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы каникулдар кестесін бекітті

каникулдар

700 метр тереңдіктегі кездесу: «Әділет» партиясының өкілдері шахтерлармен не талқылады?

«Әділет» партиясы