USD
USD
USD

«Әділет» партиясының құрылтай съезі мамырда өтеді

Бастамашыл топ жаңадан құрылатын «Әділет» партиясының құрылтай съезі мамыр айының басында өтетінін хабарлады.

Әділет
Фото: instagram.com/adilet_partiyasy

Астана, NEGE. Ұйымдастыру комитеті16 сәуірде Әділет министрлігіне тіркеуге дайындық шараларын бастау туралы өтініш жіберген.

«Біз Әділет министрлігінен хабарламамыздың есепке алынғанын растайтын құжатты алдық. Осы күннен бастап "Әділет" партиясының ұйымдастыру комитеті өз қызметіне кіріседі. 2026 жылғы мамыр айының басында партияның құрылтай съезін өткізуді жоспарлап отырмыз», – делінген ресми хабарламада.

Құрылтай съезінің нақты өтетін күні мен орны қосымша хабарланатыны айтылған.

Айта кетейік, 15 сәуір күні бастамашыл топ жаңа «Әділет» саяси партиясын құрылатыны туралы ресми мәлімдеме жасады. Жаңа партия өзін Әділетті Қазақстанды құру, заң үстемдігін нығайту және шешім қабылдау процесіне азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуді қолдаушы ретінде таныстырды. Сондай-ақ партия құруға ниет білдірген бастамашыл топ мүшелерінің тізімі жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі