USD
USD
USD

«Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті

2026 жылғы 1 маусымда Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді. 

«Әділет» партиясы
Фото: «Әділет» партиясы

Астана, NEGE. «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай партияның құрылуын қолдап, сенім білдірген азаматтарға алғыс айтты.

«Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жаңа саяси күш шындыққа айналды. Біз қоғамда әділдікке деген үлкен сұраныс бар екенін анық көріп отырмыз. Сондықтан біздің қызметіміз бес негізгі құндылыққа сүйенеді. Олар: әділеттілік, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік және прогресс. Бұл құндылықтар біздің барлық шешімдеріміздің негізі болады», – деді Дәдебай.

Алдағы уақытта партия ұйымдық құрылымын одан әрі қалыптастыру жұмыстарын жалғастырып, өңірлердегі қызметін кеңейту мен дамытуға кіріседі.

Еске салсақ, «Әділет» партиясының құрылтай съезі 7 мамыр күні Астанада өтті. Жаңа саяси күшке күні кеше ғана ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы лауазымында болған Айбек Дәдебай жетекшілік етеді.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram