USD
USD
USD

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

«Әділет» партиясы облыстық филиалдардың басшылық құрамы толықтай жасақталып біткенін хабарлады.

"Әділет" партиясы
Фото: instagram.com/kaskarauovdaniyar

Астана, NEGE. «Әділет» партиясының Астана қалалық филиалының басшысы болып кәсіпкер Мағжан Қыстаубаев сайланса, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы AMANAT партиясының қалалық филиалын басқарған Станислав Канкуров болды. Ал Шымкенттегі филиал төрағасы болып Мұрат Жолдықожаев сайланды. Ол бұған дейін AMANAT партиясының қалалық филиалын басқарған.

Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша жасақталған облыстық филиалдар төрағалары:

  • Алматы облысы: Данияр Қасқарауов – Мәжілістің экс-депутаты;
  • Қарағанды облысы: Бекзат Алтынбеков – AMANAT партиясының Қарағанды облыстық филиалының бұрынғы төрағасы;
  • Жетісу облысы: Амангелді Есбай – Сенаттың экс-депутаты;
  • Ұлытау облысы: Ақжол Құрмансейіт – Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының бұрынғы орынбасары;
  • Ақмола облысы: Берген Беспалинов – AMANAT партиясының Ақмола облыстық филиалының бұрынғы төрағасы;
    • Ақтөбе облысы: Ербол Данағұлов – AMANAT партиясының Ақтөбе облыстық филиалының бұрынғы төрағасы;
    • Атырау облысы: Болат Қонарбай – Мәжілістің бұрынғы депутаты;
    • Шығыс Қазақстан облысы: Жанат Мекеева – Шығыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының бұрынғы басшысы;
    • Жамбыл облысы: Дәурен Қаипов – кәсіпкер, бұрын Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы департаменті басшысының орынбасары болған;
    • Батыс Қазақстан облысы: Бауыржан Бектұрған – «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры; 
    • Қостанай облысы: Бибігүл Аққужина – Сенаттың экс-депутаты;
    • Абай облысы: Айдар Ибраев – Абай облысы Бородулиха ауданының бұрынғы әкімі;
    • Түркістан облысы: Нұрлан Толыбаев – премьер-министр орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарған;
    • Қызылорда облысы: Жандос Базартай – AMANAT партиясының Қызылорда облыстық филиалының бұрынғы төрағасы;
    • Маңғыстау облысы: Имаммахмұт Шағырбаев – Маңғыстау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары болған;  
    • Павлодар облысы: Асылбек Туғанбай – AMANAT партиясының Павлодар облыстық филиалының бұрынғы төрағасы;
    • Солтүстік Қазақстан облысы: Қалия Төренова  – Петропавл қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары.

Саяси кеңестердің құрамына 808 адам енді. Олардың қатарына негізінен шағын және орта бизнес өкілдері (22,8%) енген. 

Тексеру комиссияларының құрамына 100 адам сайланды. Олардың басым бөлігі экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және құқық салаларында тәжірибесі бар мамандар.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков

Астанада сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығы құрылады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор