Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

«Басты дебат – 2026» саяси жобасы аясында «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Қазақстан экономикасының болашағына қатысты ұстанымын айтты. Оның пікірінше, ел шикізат сатуға тәуелділікті азайтып, дайын өнім өндіруге басымдық беруі керек.

Айбек Дәдебай
Фото: Әділет партиясы

Астана, NEGE. Ол бұл туралы теледебат барысында Петропавл қаласының тұрғыны, Виктор есімді зейнеткердің Қазақстан болашақта қай салалардан көбірек табыс таба алатыны және мемлекет қай бағыттарға қаржылай қолдау көрсетуі керектігі туралы сауалына жауап берген кезде айтты.

Партия төрағасы Қазақстанның ұзақ уақыт бойы шикізатты сыртқа сатып, кейін одан өндірілген дайын өнімді қымбат бағаға қайта сатып алып келгенін атап өтті. Оның сөзінше, ендігі міндет – шикізатты ел ішінде өңдеп, дайын өнімді Қазақстанда шығару.

Айбек Дәдебай мемлекет отандық шикізатты пайдаланатын, жаңа технологияларды енгізетін және өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға дайын кәсіпорындарды қолдауы керек деп есептейді.

«Қазақстан шикізатты аз, ал дайын өнімді көбірек сатуы керек. Шикізатты сыртқа неғұрлым аз шығарып, оны көбірек өңдесек, Қазақстанда соғұрлым көп жұмыс орнын ашамыз. Сонымен қатар ел ішінде инвестиция мен кіріс те көбірек қалады», – деді Айбек Дәдебай.

Сондай-ақ Әділет партиясының төрағасы Қазақстан аумағының кең, табиғи ресурстарының мол екенін, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларының әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Елдің Еуропа мен Азия арасында географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы да экономиканы дамытуға мүмкіндік бермек.

Қазір оқып жатыр

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"