USD
USD
USD

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейту, отбасы институтын қолдау және сапалы өмір сүруге жағдай жасау – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтардың бірі.

Әділет партиясы
Фото: Әділет партиясы

Астана, NEGE. Партияның республикалық сайлауалды штабы Ақтөбе облысына келіп, өңірдегі алғашқы кездесуін әйелдер қауымымен өткізді. Құрылтай депутаттығына кандидаттар «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырып, форумға қатысушылармен денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау салаларындағы бастамаларды талқылады.

Маңызды жиында Құрылтай депутаттығына кандидаттар – Динара Зәкиева, Айжан Аймағанова, Ирина Тен, Ләззат Шыңғысбаева, Әлия Мәмбеталиналар және партияның өзге де өкілдері бой көрсетті.

Форумды ашқан партия төрағасы Айбек Дәдебайдың сөзінше, «Әділет» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасын Мемлекет басшысы бастамашы болған конституциялық реформалардың заңды жалғасы ретінде қарастырады.

«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының конституциялық реформаларын қолдайды және Конституцияда бекітілген әділеттілік, заң үстемдігі және адамға құрмет қағидаттарын нақты шешімдер арқылы жүзеге асыруды өзінің міндеті деп санайды. Сондықтан әйелдерді қолдау, балаларды қорғау және отбасы институтын нығайту – біз үшін негізгі басымдықтардың бірі», – деді Айбек Дәдебай.

Партия әйелдердің Құрылтайда, мәслихаттарда, мемлекеттік қызметте және азаматтық қоғамдағы үлесін арттыруды жүйелі түрде қолдайды. Бұл ұстаным партияның кандидаттар құрамынан да көрінеді. Құрылтай депутаттығына ұсынылған 186 кандидаттың 72-сі немесе 39 пайызы – әйелдер.

Сонымен бірге, денсаулық сақтау жүйесінде профилактикалық бағытты күшейтуді ұсынып, ана мен бала денсаулығына, репродуктивтік денсаулыққа, профилактикалық тексерулерге, бұқаралық спортты дамытуға және психологиялық әл-ауқатты нығайтуға басымдық бермекші.

Әлеуметтік саладағы ұсыныстар баяндаған Құрылтай депутаттығына кандидат Динара Зәкиеваның айтуынша, бүгінде білім беру мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің 80%-дан астамы әйелдерден тұрады. Сонымен қатар, олар елдегі кәсіпкерлердің жартысына жуығын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет саласы қызметкерлерінің елеулі бөлігін құрайды.

Ол сондай-ақ, Мемлекет басшысының бастамашы болуымен балалар құқықтарын қорғау бағытында 11 заң қабылданған. Ал партия осы бағытты одан әрі жетілдіргісі келеді.

«Партия жасанды интеллектіні пайдалану арқылы мүгедектікті проактивті түрде белгілеу жүйесін енгізуді, атаулы әлеуметтік ваучерлер жүйесін кеңейтуді, 8 оңалту орталығын ашуды және ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау бағдарламаларын жаңартуды ұсынады. Партия бағдарламасының негізінде әділеттілік қағидаты жатыр. Біз оның әрбір адамның, әсіресе қолдауға мұқтаж жандардың күнделікті өмірінде нақты жұмыс істеуіне күш саламыз», – деді Динара Зәкиева.

Ол сондай-ақ партия бағдарламасында балабақшаларда 79 мың жаңа орын және мектептерде 300 мың оқушыға арналған орын ашу көзделгенін атап өтті. Бұдан бөлек, 9 перинаталдық орталық ашып, еліміздің барлық өңірінде инвазивті емес диагностика орталықтарын құру жоспарланып отыр.

Бағдарламаның әлеуметтік-экономикалық бағытын таныстырған Құрылтай депутаттығына кандидат Ләззат Шыңғысбаева қолжетімді тұрғын үй, профилактикалық медицина, бір миллион сапалы жұмыс орнын құру, орта бизнесті қолдау және жаңа экономиканы дамыту жөніндегі бастамаларға тоқталды.

«Кез келген отбасы үшін экономиканың басты көрсеткіші – әл-ауқат. Сондықтан партия шағын және орта бизнесті қолдауды, меншік құқығын қорғауды, әкімшілік кедергілерді азайтуды және лайықты еңбекақы төленетін еңбекке жағдай жасауды көздейді», – деді Ләззат Шыңғысбаева.

Әйелдердің құқықтарын қорғау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ирина Тен мен Айжан Аймағанова әйелдердің, әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе еңбек және әлеуметтік құқықтары бұзылған жағдайда, құқықтық көмекке қолжетімді болуы аса маңызды екенін айтты.

Ал психология ғылымдарының кандидаты Әлия Мәмбеталина партияның психологиялық денсаулық мәселесін саяси деңгейде алғашқылардың бірі болып көтергеніне назар аударды.

Форумды қорытындылаған кандидаттар партияның барлық бастамасы бір ғана мақсатқа – әрбір қазақстандық отбасының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталғанын және бір нақтылады.

Форумнан кейін республикалық сайлауалды штабтың мүшелерін облыс бойынша одан арғы сапар күтіп тұр. Олар енді мұнайшылармен, металлургтермен, кәсіпкерлермен, өңірдегі ірі өндіріс орындарының еңбек ұжымдарымен және креативті жастар өкілдерімен кездеспек.

Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша

Қарағандыдағы кәсіпорында екі жұмысшының қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

жұмысшы қазасы