USD
USD
USD

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына ақшалай қаражат өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізудің уақытша тоқтатылғаны жөніндегі ақпаратқа пікір білдірді.

Әділет министрлігі
Фото: Әділет министрлігі

Астана, NEGE. Министрлік өкілдерінің түсіндіруінше, NCOC компаниясы мемлекеттік сот орындаушысының әрекеттеріне шағымданған. Осыған байланысты Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты атқарушылық іс жүргізу материалдарын сұратқан.

«"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 42-бабының 13) тармақшасына сәйкес, сот атқарушылық іс жүргізуді талап еткен жағдайда, атқарушылық іс жүргізу оны сот қайтарғанға дейін тоқтатыла тұрады», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Бұл ретте Әділет министрлігі NCOC компаниясынан мемлекет пайдасына қаражат өндіріп алу жұмысы іс материалдары қайтарылғаннан кейін қайта жалғасатынын атап өтті.

Айта кетейік, Қашаған теңіз кен орнын игеретін North Caspian Operating Company-ға (NCOC) 2,3 трлн теңге (4,92 млрд доллар) көлеміндегі экологиялық айыппұлды әлі төлеген жоқ. Бұл айыппұл консорциумға 2023 жылы күкіртті сақтау тәртібін бұзғаны үшін салынған.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы