USD
USD
USD

Әділет министрлігі Қашағанға қатысты 5 млрд долларлық дауға пікір білдірді

Әділет министрлігі Қазақстанның Қашаған жобасы бойынша 5 млрд АҚШ доллары көлеміндегі талап арызға байланысты халықаралық арбитраждан хабарлама алғанын растады.

Кен орны
Фото: NCOC баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Ведомствоның хабарлауынша, 2026 жылғы 9 ақпанда Қашаған жобасы бойынша мердігер компаниялар арбитраждық талқылауды бастау туралы өтініш берген. Осыған байланысты Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтан Қазақстан Республикасының атына тиісті хабарлама жолданған.

Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі регламентінің 6-тармағына сәйкес, Үкімет пен премьер-министрдің соттардағы мүдделерін білдіру және қорғау премьер-министрдің, оның орынбасарының немесе Үкімет аппараты басшысының тапсырмасы негізінде жүзеге асырылатынын түсіндірді. Мұндай жағдайда даудың мәні қай мемлекеттік органның құзыретіне жатса, сол орган өкілдік етеді.

Ал Әділет министрлігі құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.

Еске салсақ, Қашаған кен орнын игеріп отырған халықаралық компаниялар 5 млрд доллардан астам экологиялық айыппұлға байланысты Қазақстан үкіметінің үстінен арбитражға жүгінген. Айыппұл күкірт сақтау талаптарына байланысты салынған еді.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net